Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
"№ 276 орта мектебі" КММ
"Қызылорда облысының білім басқармасының" Қазалы ауданы бойынша білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"№ 276 орта мектебі" КММ
"Қызылорда облысының білім басқармасының" Қазалы ауданы бойынша білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/276mektep.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

2018 жылдың тамыз айында Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовтың қатысуымен жаңа білім ордасының кілті табысталды және 1қыркүйек «Білім күніне» орай  аудан әкімі М Ергешбаев пен аудандық білім бөлімі басшысы Б.Қалидің қатысуымен  «Сыңғырла күміс  қоңырау» атты салтанатты жиын болып, жаңа мектебіміз есігін жаңа оқу жылына айқара ашты. Білім ордасының ашылуына орай облыс әкімі 1 интерактивті тақта, аудан басшысы 1 интерактивті тақта, аудандық білім бөлімі 3 интерактивті тақтаны сыйға тартып, мектебіміз 5 интерактивті тақтаға толықты. 

Жыл басында 1-11 класстар аралығында 326 оқушы, оның 119 қыз бала, МАД тобына 60 бала (23 қыз) қабылданса,  І оқу тоқсанында 27 оқушы келіп, 4 оқушы мектептен басқа мектепке, атап айтсақ  2 аудан мектебіне 1 республика көлеміне 1 ЗПР класына ауысты. Қазіргі таңда, 1-11 класс аралығында 289 оқушы білім алуда, оның 131 қыз,  МАД тобына 6 бала кетіп, 2 бала келді. Қазір МАД тобында 56 тәрбиеленуші отыр.

Мектептің оқу-әдістемелік кеңесі жанынан жаңартылған білім мазмұны бойынша І-ІІІ деңгей оқыған мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу мақсатында  “Сенім көкжиегі” атты қауымдастық құрылды. Мектеп жанынан 5  әдістемелік бірлестік құрылды. Тілдер бірлестігі – қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдер жанынан құрылды. Бірлестік жетекшісі Асқарова Алима. Жаратылыстану бірлестігі – математика, физика, химия,биология пән мұғалімдері.Бірлестік жетекшісі Ережепова Зәуре. Көркем еңбек және өнер бірлестігі. – денешынықтыру, технология, музыка пәндері мұғалімдері. Бірлестік жетекшісі – Әбдіғаппар Жасұлан. Бастауыш білім беру бірлестігі – бастауыш білім беру мұғалімдерінен құралған. Бірлестік жетекшісі – Сүлейменова Гулмира. Гуманитарлық бірлестік – тарих және география пәндері мұғалімдері. Бірлестік жетекшісі – Жамет Алдияр.Бірлестік жетекшілері сайланысып, бірлестік жұмыстарының жоспарлары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Оқу ісінің меңгерушісі Б.Орымбастың біліктілік арттыру курсының практикалық жұмысы негізінде үстіміздегі жылдың қараша айында ашық сабақтар және “Тиімді сабақты қалай ұйымдастыруға болады?”,“Саралап оқытудың жолдары”атты мұғалімдер арасында коучингтер өтіліп, тәжірибесімен бөлісті.  «Мұғалімдер тәжірибесіндегі зерттеу» тақырыбында тренерлік біліктілік арттыру курсынан өтіп келген мектептің мұғалімі Алшоразова Айдана «мектепішілік біліктілікті арттыру курсын» 2018жылдың 13-қарашасынан бастап 80 академиялық сағаттық біліктілік арттыру курсын бастап кетті. Қазіргі таңда аталған  курсқа мектебіміздің 14 мұғалімін қатыстырып жатырмыз. Курс жалғасу үстінде.

Қазіргі таңда азғандай ғұмырлы мектебімізде жетістіктерде аз емес. Аудандық деңгейді өткізілген шараларға белсене қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Оған дәлел,  Аудандық   “Үздік сындарлы сабақ-2018”  байқауында Тұяқбаева Нұргүл  жүлделі ІІ орын  иеленді. Аудандық «үздік сабақ орыс тілі мұғалімі 2018»- Асқарова Алима жүлделі ІІ орын иеленді.Аудандық “Ән тұмарым” атты әншілер байқауында Өтегенов Кеңшілік дипломмен марапатталды.Аудандық «Адал және сатылмайтын еңбек үлгісі» үздік сурет байқауының ІІІ орын иемденген Болсын Аян. Жетекшісі: Арзы Аян.

Мектебіміз спорт саласы бойынша алдыңғы орындарға шығып, биіктіктерден көрініп келеді.Сыр елінің бас қаласы Қызылорданың 200 жылдығына орай ұстаздар мерекесіне арналған білім қызметкерлері арасында өткізілген «Сергектік» эстафеталық жарысында № 276 орта мектеп командасы жүлделі 1 орын жеңіп алды.

Е.С Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейіне 10 жыл толуына орай аудандық қызметкерлер арасында кіші футболдан өткізілген жарыста «Үздік ойыншы» бағамымен Жұбатқан Нұркен марапатталып, № 276 орта мектеп командасы 3-орынға ие болды.

«Қызылорда қаласының 200  жылдығы» мен қазалы ауданының 90 жылдығы  мерекесіне орай волейболдан қыздар арасында өткізілген жарыста мектебіміз алғыс хатпен марапатталды.

         «Қызылорда қаласының 200 жылдығы» мерекесіне орай 2006-2008 жылы туылған қыз балалар арасында футболдан аудандық мектеп аралық командалық жарыста жүлделі 1-орын иемденсе, «Үздік жаттықтырушы» бағамымен Әбдіжаппар Жасұлан марапатталды. «Қазалы спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 5 жылдығына орай баскетболдан 2004-2005 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында аудандық командалық жарыста №276 орта мектеп командасы 2 орын жеңіп алды. Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі және “Жас орда” жастар қоғамдық бірлестігінің Ұйымдастыруымен «Қызылорда қаласының 200 жылдығы» мерекесіне орай Баскетболдан қыздар арасында өткізілген жарыста ІІІ орын иемденді .Өтеген Балымбетовты еске алуға арналған гандболдан 2006-2007 жылдары туылған қыз балалар арасындағы аудандық ашық турнирде №276орта мектеп командасы 3 орын иеленді.

Мектебімізде мектепшілік шаралар да ұйымдастырылып тұрады.  Қазан айында “Қарты бар үйдің – қазынасы бар” тақырыбында ардагер ұстаздар шақырылып, оқушылармен кездесу өтті. Ұстаздар күніне орай “Қалдырған ізің мәңгілік”  атты мұғалімдер арасында салтанатты кеш өтті.  Күзгі каникул күндері 2-4 сыныптар арасында мектепшілік «Толағай» сайысы,1-11 сынып аралығында мектепшілік “Күзгі балл-2018”  сайысы өткізілді. Мектеп аудандық гүлдер мерекесінде «Үздік аула гүлдері» номинациясымен марапатталды.

Жаңа білім ордасының кітапханасының кітап қорын ұлғайту мақсатында  “Кітап-асыл қазынам” атты акция ұйымдастырылды. Акцияга белсенділікпен атсалысқан жандар да аз болмады. Акцияның жабылуына орай  акцияға атсалысқан азаматтармен «Кітап-асыл қазынам» атты кездесу кеші өткізілді. Кездесуге  тәрбие тағылымы жөніндегі зерттеуші және сонымен қатар бірнеше кітаптың авторы Алтынбаев Шарафадин мырза қатысып, «Кітап оқудың құндылығы» туралы ой-толғанысымен бөлісіп, 100 дана көркем әдеби кітаптарын сыйға тартты.  Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің әдіскері Сәрсенбаева Жанат апай өз үлесін қосып,  300 дана әдеби кітаптарды мектеп кітапханасына табыстады.. Қазалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі коммуналдық мекемесінің меңгерушісі Ембергенова Наушан ханым,. Қалалық мәдениет бөлімі кітапханасының меңгерушісі Мырзалиева Толқын және №165 мектептің кітапхана меңгерушілері №276 орта мектепке көркем әдебиет қорына мол үлес қосып, әрқайсы 50 дана әдеби кітаптарды сыйға тартты.Акция аясында кітапханада кітап қорымыз қазіргі таңда 1500 дана оқулық пен әдеби көркем шығармалардың 1000-ға жуық қоры жинақталды.

2021-2022 оқу жылы Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  аудан мектептерінің жетістіктері мен білім  ретингі бойынша  № 276 орта мектебі  "10-орынға" ие болды.


Мектеп тынысы

«Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы», - дейді дана халқымыз. Қай мемлекеттің болсын ертеңi – бiлiмдi жастардың қолында. Алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастыратын кейінгі толқын жастар.

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев осындай жан-жақты дамыған білімді, елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілікпен қарауды азаматтық парызы санайтын ұрпақ тәрбиелеуді білім беру саласы қызметкерлеріне жүктеді. Бұл үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай  жасалып, соның бірі,Сыр  елінің қойнауы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,Әйтеке би кентінің шығыс жағында тұрғындардың өтінішімен 2017 жылы 300 орындық білім ордасының іргетасы қаланған болатын. Ғимарат талапқа сай жабдықталып, 2018 жылы тамыз айында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов мырза мектеп  директоры М.Жұмашовқа білім ордасының кілтін табыстады және 1 қыркүйек «Білім күніне» орай аудан әкімі М.Ергешбаевтың қатысуымен «Сыңғырла күміс қоңырау» атты салтанатты жиын болып, 316 оқушы жаңа мектеп есігін айқара ашты. Білім ордасының ашылуына облыс әкімі 1 интерактивті тақта, аудан әкімі 1 интерактивті тақта,аудандық білім бөлімі 3 интерактивті тақтаны сыйға беріп, мектебіміз 5 интерактивті тақтаға толықты. Мектебіміздің оқу-әдістемелік кеңесі жанынан жаңартылған білім мазмұны бойынша

І-ІІІ деңгей оқыған мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу мақсатында  «Сенім көкжиегі» атты қауымдастық құрылып, пән мұғалімдерінен  жасақталған 4 әдістемелік бірлестікке 5 интерактивті тақта қолдануға берілді.

        Мектебіміз  21 пән  кабинеті, 2 информатика, қыз балалар мен ер балаларға арналған

2 шеберхана, 521 шаршы метрді құрайтын спорт зал, спорт алаңы,  кітапхана,АКТ залы, 100 орындықтан тұратын асхана  және жаратылыстану-математика бағытына сәйкес химия, биология, физика пәндерінің зертханалық кабинеттері толықтай қажетті құралдармен жабдықталып, үйірме жұмыстарын тыңғылықты түрде жүргізуде.

       Мектебіміз алғашқы оқу жылын 316 оқушымен бастаса, қазіргі таңда 500 оқушымен толықты. Осы оқушылардың әлеуметтік тұрмысы төмен отбасынан  қазіргі таңда 265 оқушы оның ішінде

 1-4 сынып аралығында 196 оқушы, 5-11 сынып аралығында 69 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.

       Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта болса, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін жан. Міне, мектебімізде осындай қасиетті бойына сіңірген 60 педагог,оның ішінде 5 магистр маманы жұмыс жасап келеді,дегенмен оның  басым көпшілігі   жас мамандар. Мектепте категориялы яғни  педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы,педагог-модератор мұғалімдер 80 пайызға жетті.  Осындай нәтижеге жету үшін аудандық, облыстық, республикалық жүздеген сайысқа қатысқан, ұстаздар мен оқушылардың ерен еңбегі тұр деп айтуға болады. Мектептегі әдістемелік жұмыстың тыңғылықты жұмыс жасауда дұрыс бағыт-бағдар берудің, оқу-әдістемелік жұмысқа ұйымдастыра білудің  арқасы деп білуге болады. 5 жылдық қана тарихы бар білім ордамызды жетілдіру, алдыңғы мектептердің бірі де бірегейі ету, білім алып жатқан оқушыларымызды түрлі білім додаларына баулу,жан-жақты етіп тәрбиелеу, республикалық,халықаралық дәрежеге жеткізу,барлығы – ұстаздың қолында.

     Мектеп аясында көгалдандыру жұмыстары  үздіксіз жыл бойы жүргізілу нәтижесінде  қазіргі таңда 1000 –ға жуық ағаш бой көтеріп тұр. Сонымен бірге мектеп көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Мектеп ұжымы «Абай – біздің ұлттық ұранымыз болуы керек» деген ұстанымды берік ұстана отырып, мектептің территориясында «Абай аллеясы», «Географиялық алаң» жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде.  Сонымен бірге, «Мектеп парламенті», «Дебат», «Театр», «Жасыл мектеп»,«Оқуға құштар мектеп» жобалары жүзеге асырылып, нәтижеге қол жеткізуде. «Мен жастарға сенемін!»,- деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, мектептің өркендеуіне әлі де  жастардың  қосар үлесі зор. 

      Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде.

      Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық!

Аймақ басшысы  Қырымбек Елеуұлы Көшербаев қолдауымен 300 орындық мектеп құрылысы 2017 жылдың сәуір айында басталып, 2018 жылдың тамыз айында аяқталды . Мектепке жаңа  №276  нөмірі беріліп,       2018 жылдың   30 тамызында  Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовтың,   аудан әкімі М. Ергешбаев пен аудандық білім бөлімі басшысы Бектұр Қалидің қатысуымен  жаңа білім ордасының кілті табысталды және 1 қыркүйек «Білім күніне» «Сыңғырла күміс  қоңырау» атты салтанатты жиын болып, жаңа мектебіміз есігін жаңа оқу жылына айқара ашты.